Жобалық тәуекелдерді басқару

Ұзақтығы 2 күн

Семинарды International Business Academy ресми платформасында онлайн форматта өткізуге болады. Оқу аяқталған соң сізге бір ай бойы қолжетімді болатын жазбаның сілтемесі беріледі.
*күндер қосымша келісуді қажет етеді

Семинар өткізілетін күндер

Алматы

20-21 мамыр 2027 27-28 шілде 2027

Онлайн

27-28 қыркүйек 2027 2-3 қараша 2027
Кесте: 10:00-ден 17:30-ға дейін
Құны 296 500 теңге

ҚҚС-сыз

* Төлем шотына 16% ҚҚС қосылады

Құнға кіреді:

  • Семинар
  • Эксклюзивті таратпа материал
  • IBA сертификаттары
  • Блокноттар, қаламдар
  • Түскі ас және 2 кофе-брейк
Тіркелу

Бұл семинар инвестициялық жобаларды өз қызмет бағыттары бойынша іске асыруға қатысатын барлық қызметкерлерге арналған, ол инвестициялық жобаның бүкіл өмірлік циклі бойы туындауы мүмкін барлық тәуекел түрлерін басқару бойынша тереңдетілген практикалық білім алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ инвестициялық жобалардың тәуекелдерін басқарумен айналысатын тәуекел-менеджерлерге арналған, бұл оларға инвестициялық жобалардың тәуекелдерін басқару процесін ұйымдастыру және іске асыру бойынша тереңдетілген практикалық білім алуға мүмкіндік береді.

«Кәсіпорындағы инвестициялық жобалардың тәуекелдерін басқару» семинары — инвестициялық жобаның өмірлік циклінің кез келген кезеңінде туындауы мүмкін барлық тәуекелдерді егжей-тегжейлі зерделей отырып, инвестициялық жобалардың тәуекелдерін басқару процесін ұйымдастыру мен іске асырудың тұтас тәсілін ашатын тереңдетілген практикалық семинар, сондай-ақ ол инвестициялық жоба тәуекелдерін басқару бойынша кезең-кезеңімен жасалатын әрекеттерді, құжаттар мен есептілікті қалыптастыруды және нақты практикалық мысалдарды қамтиды.

Негізгі клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер

Наталья Батухтина
ns@iba.kz +7 702 777 44 11 WhatsApp

Негізгі клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер

Юлия Копцева
manager@iba.kz +7 702 777 44 11 WhatsApp

Офис-менеджер

office@iba.kz +7 702 777 44 11 WhatsApp
Семинар бағдарламасы Бағдарламаны pdf форматында жүктеу
PDF форматында атаулы коммерциялық ұсыныс алу
Ұсынысты pdf форматында жүктеу

Бағдарлама

1-күн

Кіріспе. Жобалық тәуекелдерді басқарудың рөлі мен орны

Тәуекел-менеджмент бойынша халықаралық стандарттар

Австралиялық ISO 31000 стандарты, Тредуэй комиссиясының демеушi ұйымдар комитетінің COSO 2004-2012 стандарттары. Тәуекелдерді басқару бойынша халықаралық стандарттардың негіздері

Жобаларды басқарудағы жобалық тәуекелдерді басқарудың рөлі мен орны

Тәуекелдерді басқару жұмысы аясында жобалық тәуекелдер бойынша жұмыстың маңыздылығы. Жоба жетекшісі мен жоба қатысушыларының жобалық тәуекелдерді басқарудағы рөлі

Жобалық тәуекелдерді жіктеу, тәуекел санаттары

Жоба қатысушыларының функционалына және жобаның өмірлік циклына сәйкес жобалық тәуекелдерді әртүрлі санаттарға жіктеу тәртібі. Тәуекелдерге белгілі бір санат беру бойынша практикалық мысалдар

Жобалық тәуекелдерді анықтау және талдау. Тәуекелдерді анықтау әдістері

Жобаны бастау кезеңінде тәуекелдерді басқару жұмысы аясында әртүрлі анықтау әдістерін қолдану арқылы (ми шабуылы, сұхбаттасу әдісі, сауалнама парағы әдісі және т.б.) жобалық тәуекелдерді анықтау тәртібі. Тәуекелдердің ықтимал себептерін (факторларын) талдау және тәуекелдің қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға теріс әсері. Тәуекелдердің себеп-салдарлық талдауын жүргізу және тәуекелдерді жоғарғы және төменгі деңгейдегі тәуекелдерге декомпозициялау. Жобалық тәуекелдерді практикалық анықтау және талдау

Жобалық тәуекелдерді бағалау және талдау. Тәуекелдерді бағалаудың сапалық және сандық әдістері

Жобалық тәуекелдерді 2 сипаттама бойынша бағалау тәртібі: тәуекелдің туындау ықтималдығын бағалау және тәуекелдің әсерін бағалау. Сапалық бағалауды жүргізу тәртібі, тәуекелдерге басымдық беру және тәуекелдерді талдаудың әртүрлі математикалық және статистикалық әдістерін, олардың жобаның мерзіміне, бюджеті мен сапасына теріс әсерін қолдану арқылы сандық бағалау жүргізу тәртібі. Мысалдар келтіру. Тәуекелдерді практикалық бағалау және талдау

2-күн

Кәсіпорында инвестициялық жобалардың тәуекелдерін басқару жұмысын жүргізу тәжірибесі

Жобалық тәуекелдерді төмендету бойынша алдын алу іс-шараларын әзірлеу. Тәуекелдерді басқару әдістері

Тәуекелдерді басқару әдістерінің бірін қолдану арқылы тәуекелдерді бағалау нәтижелері негізінде тәуекелдерді төмендету бойынша алдын алу іс-шараларын әзірлеу тәртібі. Тәуекелдерді басқару әдістері (төмендету, беру, бас тарту, қабылдау) және оларды қолданудың практикалық мысалдары. Іс-шараларды практикалық әзірлеу

Жобалық тәуекелдерді басқару бойынша Іс-шаралар жоспарын практикалық қалыптастыру

Жобалық тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар жоспарын қалыптастыру тәртібі. Іс-шаралар жоспарының тиімділігін талдау. Іс-шаралар жоспарын практикалық қалыптастыру

Жобалық тәуекелдер регистрі мен оған қоса берілетін жобалық тәуекелдер картасын практикалық қалыптастыру

Жобалық тәуекелдер регистрі мен жобалық тәуекелдер картасының үлгілерін қарастыру. Тәуекелдер регистрін толтыру тәртібі. Тәуекелдер регистрі мен тәуекелдер картасын практикалық толтыру

Жобалық тәуекелдерді бақылау және мониторингілеу

Жобаны басқару аясында жобалық тәуекелдерді бақылау және мониторингілеу тәртібі, жаңа тәуекелдерді анықтау, іске асқан тәуекелдерді анықтау, тәуекел бағаларын қайта қарау, тәуекелдерді төмендету іс-шараларын қайта қарау. Іске асқан тәуекелдерді талдау, іске асқан тәуекелдердің салдарын азайту бойынша қабылданған қадамдар, іске асқан тәуекелдердің жобаға тигізген салдарын талдау. Тәуекелдерге практикалық мониторинг жүргізу

Жобалық тәуекелдер бойынша есептілікті практикалық қалыптастыру

Жобалық тәуекелдер бойынша есептілік үлгілерін қарастыру және оларды толтыру. Есептілікті қалыптастыру мерзімдері мен жауапкершілік. Тәуекелдер бойынша есептілікті қалыптастыру тәртібі және басшылыққа тәуекелдер туралы қажетті ақпаратты ұсыну. Тәуекелдер бойынша есептілікті практикалық қалыптастыру

Семинар қорытындыларын шығару

Тренинг қатысушыларының сұрақтарын қарастыру, талқылау және оларға практикалық жауаптар беру

Барлық бағыттар