Семинарды International Business Academy ресми платформасында онлайн форматта өткізуге болады. Оқу аяқталған соң сізге бір ай бойы қолжетімді болатын жазбаның сілтемесі беріледі.
*күндер қосымша келісуді қажет етеді
ҚҚС-сыз
* Төлем шотына 16% ҚҚС қосылады
Бұл курста логистиканың функционалдық салаларының бірі ретінде қойма қызметі мен қорларды есепке алуды басқарудың мазмұны, маңызы және ерекшеліктері, қойма мен қорлардың функциялары туралы негізгі түсінік, материалдық ағындарды қоймалау және сақтау кезеңдерінде қор түрінде басқару процестері қарастырылады.
«Заманауи кәсіпорында қойма ұйымдастыру және қорларды есепке алу» курсы бастаушы менеджерлер мен логистика бөлімінің қызметкерлеріне, жабдықтау бөлімінің мамандарына, сатып алу, бөлу, сату, маркетинг жөніндегі менеджерлерге, тасымалдау мамандарына, қойма қызметкерлеріне және қорларды басқару менеджерлеріне, сондай-ақ қойма қызметі мен қорларды басқару туралы жалпы түсінік алғысы келетін барлық қалаушыларға арналған.
1 күн
№ 1 блок. Логистикалық жүйенің элементі ретіндегі қойма
Тауар айналымы тізбегіндегі қоймалардың орны. ҚР-дағы қойма қызметтері нарығына шолу. Қойманың негізгі функциялары мен міндеттері. Қоймаларды А, В, С, D деп жіктеу. Қойманың компанияның басқа бөлімшелерімен өзара әрекеттесуі. Қойма шығындары және оларды анықтау.
№ 2 блок. Қойманы және жүк өңдеудің қойма аймақтарын жоспарлау
Меншікті немесе жалға алынған қойма. Қойманы жоспарлау. Қойманың түрі мен көлемін анықтау. Қойманың негізгі өндірістік мақсаттағы аймақтарын жоспарлау. Қойма аймақтарының негізгі параметрлерін анықтау.
№ 3 блок. Қойманың технологиялық процесін техникалық қамтамасыз ету
Қойманың құрылымдық элементтері. Қойма техникасы мен жабдығының түрлері. Стеллаждық қойма жүйелері. Стеллаждық жабдықты оңтайлы орналастыру. Жүк көтергіш-көлік жабдығы, оңтайлы нұсқаларды таңдау.
№ 4 блок. Логистикалық жүйелердегі басқару мақсаттары мен қор түрлері
Қорларды басқарудың негізгі ұғымдары, мақсаттары және қағидаттары. Материалдық қорларды жіктеу. Қорларды құру және ұстап тұру шығындарының құрылымы. Күрделі шығындар, сақтау шығындары, қорларға ағымдағы қызмет көрсету шығындары, қорларға байланысты тәуекелдер құны. Қор болмауынан туындайтын шығындар.
2 күн
№ 5 блок. Тапсырыстың (жеткізудің) оңтайлы кезеңділігін (көлемін) есептеудің классикалық моделі — EOQ моделі
Қорды толықтыру үшін тапсырыстың оңтайлы көлемін анықтау: есептеу және формулалар, қолдану мысалдары. Модельдің түрлендірілген нұсқалары.
№ 6 блок. Қорларды басқару: жалпы сызба
Қорларды басқарудың негізгі параметрлері, сұраныс параметрлері, тапсырыс параметрлері, жеткізу параметрлері, қор деңгейі. Тапсырыстың тіркелген көлемімен қорларды басқару жүйесі. Тапсырыстар арасындағы тіркелген уақыт аралығымен қорларды басқару жүйесі.
№ 7 блок. Әртүрлі номенклатурадағы материалдардың қорларын басқаруға көзқарастар
Қорларды басқарудағы АВС-талдау әдісі, оны жүргізу алгоритмі. Қорларды басқарудағы ХУZ-талдау әдісі, оны жүргізу алгоритмі. Әдістерді қорларды басқаруда қолдану тәртібі, оларды пайдалану тетіктері, жүргізуге арналған ұсынымдар жүйесі.