Семинарды International Business Academy ресми платформасында онлайн форматта өткізуге болады. Оқу аяқталған соң сізге бір ай бойы қолжетімді болатын жазбаның сілтемесі беріледі.
*күндер қосымша келісуді қажет етеді
ҚҚС-сыз
* Төлем шотына 16% ҚҚС қосылады
Отандық және шетелдік компаниялардың тәжірибесіне негізделген семинар барысында сіз компанияның операциялық тиімділігін арттырудың озық тұжырымдамалары, технологиялары және әдістерімен танысасыз.
Сіз үнемшіл өндірістің қағидаттары мен негізгі құралдарын, оларды еңбек өнімділігін арттыру, шығындарды қысқарту, ысырапты азайту, компания активтерін тиімді пайдалану мақсатында қолдануды үйренесіз. Үнемшіл өндіріс құралдары негізінде өз компанияңыздың тиімділігін арттыру бағдарламаларын әзірлейсіз. Семинарда дағдарыс жағдайында да, өсіп келе жатқан нарықта да қолдануға болатын көптеген практикалық әдістер, бастамалар мен шешімдер қарастырылады.
Оқыту нәтижесінде қатысушы:
Мақсаты: ТОП-менеджерлер үшін өндіріс пен кеңсе процестерін Үнемшіл өндіріс тұрғысынан жаңаша көзқараспен қалыптастыру.
Міндеттері:
Үнемшіл өндіріс тұжырымдамасына кіріспе:
Практикалық сабақ. Іскерлік ойын I раунд. Өндірісті дәстүрлі қағидаттар бойынша ұйымдастыруды модельдеу.
Практикалық сабақ. Бизнестің қолданыстағы негіздері мен ағымдағы кезең мақсаттарын бағалауға арналған.
Практикалық сабақ. Құндылықты қалай анықтауға және оны жасайтын әрекеттерді қалай анықтауға болады.
Практикалық сабақ. Практикалық жаттығу барысында немесе қолданыстағы өндірісте (кәсіпорынның мүмкіндіктеріне байланысты) ысыраптарды (тиімділік резервтерін) анықтау және бағалау. Өзіндік құнға, сапаға және өнімділікке әсерін қарастыру.
Практикалық сабақ. Өзгерістер жүргізуге қарсылық білдіру себептері, компанияның дамуына кедергі келтіретін парадигмалар. Баламаларды әзірлеу.
Қолдану әдістемесі мен практикасы.
Практикалық сабақ. ҚАК (құндылық ағынының картасы) бойынша практикалық жұмыс.
Құралдарды қолдану практикасы бойынша практикалық сабақтар мен жаттығулар (мәселелерді шешу, 5С, стандарттау, жылдам ауыстыру-баптау және т.б.)
Күтілетін нәтиже:
1) ТОП-менеджерлердің ҮӨ философиясын, қағидаттары мен құралдарын түсінуі.
2) ҮӨ негізгі құралдарын қолдану дағдыларын алу.
3) ҮӨ құралдарының мәні мен кәсіпорын үшін мүмкіндіктерін түсіну.
Ескертпе:
ҮӨ жекелеген құралдарын толығырақ зерделеу үшін ұзақтығы 4-5 күнге дейінгі жекелеген бағдарламалар бойынша бөлек курстар өткізу қажет болады.