Публичті компанияның топ-менеджменті қызмет ерекшелігіне байланысты жария сөз сөйлеу барысында (баяндамалар, жиналыстар, митингілер, баспасөзбен жеке кездесулер және баспасөз конференциялары) әртүрлі мақсатты аудиториялармен өзара әрекеттесудің тиімді әдістерін, формалары мен стратегияларын меңгеруі қажет. Біздің компания басшылыққа арналған коммуникативтік және медиатренингтер өткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынады.
Тренингтер барысында мынадай негізгі міндеттер шешіледі:
- — Жеке коммуникативтік құзыреттілікті арттыру;
- — Аудиториямен, оның ішінде агрессивті көзқарастағы аудиториямен байланыс орнатудың тиімді тәсілдерін меңгеру;
- — Өзін-өзі таныстыру дағдыларын меңгеру;
- — Жария пікірталастағы күрделі жағдайларға және провокациялық шабуылдарға жауап беруге дайындалу;
- — Үлкен және шағын топтардағы аудиториямен диалогта бастаманы ұстап алу және сақтап қалудың жеке мүмкіндіктерін кеңейту;
- — Баспасөз конференциясы барысында спикерлер арасындағы өзара әрекеттестікке қол жеткізу;
- — Жария сөз сөйлеу барысында ішкі сенімділікті арттыру;
- — БАҚ-пен өзара әрекеттесуден немесе жария сөз сөйлеуден жоспарланған нәтижеге қол жеткізу.
Тренинг аяқталғаннан кейін қатысушы мынаны істей алады:
- — Презентациялар, жария сөз сөйлеулер, баспасөз конференцияларына қатысу, сондай-ақ шешендік өнер дағдылары қажет басқа да іс-шараларды өткізудің негізгі ережелерін қолдану.
- — Күрделі, күтпеген және жағымсыз жағдайларды (ең алдымен, баспасөз конференциялары кезінде БАҚ тарапынан немесе жиналыстар кезінде жаман ниетті адамдар тарапынан болатын провокацияларды) тиімді шешуге өзін-өзі психологиялық тұрғыда дайындау, өзін-өзі реттеудің әртүрлі жетілдірілген стратегияларын, техникалары мен тәсілдерін қолдану.
- — Шешеннің ұзақ мерзімді мақсаттары мен жоспарларына, сондай-ақ қысқа мерзімді ниеттеріне сай келетін аудиторияда қолайлы әсер қалдыру.
- — Өзінің қақтығысты басқару стильдерін зерттеп, білу және қалыптасқан жағдайларға байланысты оларды тиімді пайдалануды үйрену.
- — Логикалық пайымдаулар мен эмоционалдық әсер ету арқылы тыңдаушыларға ықпал ету, сонымен бірге өз эмоцияларын толық басқарып, жағдайды бақылауда ұстау.
- — Метафораларды ойлап табу және оларды сөз сөйлеу тақырыбының контекстіне, сондай-ақ көпшіліктің қызығушылығына сай қолдану.
- — Жария сөз сөйлеуді, іскерлік презентацияны сәтті аяқтаудың әртүрлі мінез-құлық сценарийлерін пысықтау, сондай-ақ толық байсалдылықты сақтай отырып, ең қулықты, қатаң және провокациялық сұрақтарға тиісті түрде жауап беруді үйрену.
- — Тиісті жеке және іскерлік қасиеттерді дамыта отырып, жария сөз сөйлеу мен шешендік өнер дағдыларын өз бетінше жаттықтыру.