Семинарды International Business Academy ресми платформасында онлайн форматта өткізуге болады. Оқу аяқталған соң сізге бір ай бойы қолжетімді болатын жазбаның сілтемесі беріледі.
*күндер қосымша келісуді қажет етеді
ҚҚС-сыз
* Төлем шотына 16% ҚҚС қосылады
Курстың мақсаты — тыңдаушыларды ақпараттық қауіпсіздікті (АҚ) қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерімен таныстыру, кәсіпорын қызметін табысты жүзеге асыру үшін АҚ маңызын ашу, АҚ басқару жүйесін әзірлеу мен енгізудің негізгі кезеңдерін түсіндіру, АҚ саласындағы жетекші әлемдік стандарттардың негізгі ережелерімен таныстыру.
Курс ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, АТ саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және/немесе техникалық қолдауға жауапты АТ бөлімшелерінің басшылары мен мамандарына, ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелері мен күзет қызметтерінің қызметкерлеріне, талдау қызметтерінің өкілдеріне, тәуекел-менеджерлерге және ішкі аудит қызметтерінің қызметкерлеріне арналған.
Курс тыңдаушыларының ақпараттық технологиялар немесе ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелерінде жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.
Осы курстың соңында тыңдаушылар мынаны істей алады: