Колесникова Марина

Марина
Колесникова

Бизнес-тренер, еңбек құқығы бойынша заңгер

БІЛІМ

2000 — Қазақ мемлекеттік заң академиясы, «құқықтану» мамандығы

ПРАКТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

2000 – 2009 — әртүрлі қызмет саласындағы компаниялардың HR-қызметтерінің маманы

2009 — Алматы қ. «GRATA» заң фирмасы, еңбек құқығы бойынша заңгер

2012 – 2017 — Атырау қ. «GRATA» заң фирмасының филиалы, еңбек құқығы бойынша аға заңгер, филиал директорының орынбасары, еңбек құқығы жөніндегі кеңесші

2019 – қазіргі уақытқа дейін — Алматы қ. «GRATA» заң фирмасының еңбек құқығы департаментінің басшысы

МАМАНДАНДЫРУ

Еңбек құқығы: кеңестердің толық спектрін ұсыну, кадрлық құжаттаманы аудиттеу, еңбек шарттарын тоқтату рәсімін құқықтық сүйемелдеу, кадрлық құжаттаманы әзірлеу

Жобалар:

Қазақстанның ірі тау-кен өндіру компанияларының бірін жоғары буын менеджерлерін жалдау және жұмыстан босату мәселелері бойынша кеңестендіру

Қазақстанның ірі металлургиялық компанияларының бірін персоналға арналған сыйақы жүйесін енгізу мәселелері бойынша кеңестендіру

Қазақстандық ірі газ өндірушісін шетелдік персоналды жалдау мәселелері бойынша кеңестендіру

Қазақстандық телекоммуникациялық холдингті қайта ұйымдастыруға байланысты персоналды оңтайландыру мәселелері бойынша кеңестендіру

Мобильді желілерге арналған телекоммуникациялық жабдықтың халықаралық өндірушісі мен жеткізушісінің қазақстандық еншілес компанияларында, венгр мұнай-газ компаниялары холдингінде, ірі қытай энергетикалық компаниясында; фармацевтикалық өнім өндірісіне маманданған халықаралық компанияның өкілдігінде; цемент өндіретін ірі қазақстандық кәсіпорында; жетекші қытай мұнай-химия корпорациясының қазақстандық еншілес компаниясында кадрлық құжаттама аудитін жүргізу

Бірқатар ірі фармацевтикалық компаниялардың, кондитер өнімдерінің халықаралық өндірушісінің, жетекші қазақстандық тау-кен өндіру компаниясының, балалар тағамының халықаралық өндірушісі мен жеткізушісінің қазақстандық еншілес компаниясының өкілдіктеріндегі жоғары буын менеджерлерімен еңбек шарттарын бұзу рәсімін сүйемелдеу

Норвегиялық трансұлттық мұнай-газ компаниясының, ірі канадалық тікұшақ компаниясының, бірнеше итальяндық мұнай-газ компанияларының өкілдіктері үшін штатты қысқартуға байланысты еңбек шарттарын бұзу рәсімін сүйемелдеу. Сүйемелдеу рәсіміне мыналар кіреді:

Жұмыс берушінің міндеттері, жекелеген қызметкерлер санаттарымен шартты бұзу шектеулері туралы меморандум дайындау және т.б.

Бұзу үшін қажетті барлық құжаттардың жобаларын дайындау (хабарламалар, бұйрықтар және т.б.)

Жұмыспен қамту органдарымен, қызметкерлер өкілдерімен, қызметкерлермен өзара іс-қимыл

Авиациялық, ғарыштық техника, энергетикалық жабдық өндірісіне маманданған ірі халықаралық компаниялардың қазақстандық өкілдіктеріне, қазақстандық алтын өндіру компаниясына арналған еңбек шарттарын әзірлеу

Ірі еуропалық қаржы холдингінің қазақстандық еншілес банкінде еңбек шартының жаңа нысанын енгізуді сүйемелдеу

Ірі халықаралық машина жасау холдингінің қазақстандық еншілес компаниясына арналған сыйақы туралы ережені әзірлеу

Ірі инновациялық-өндірістік компанияның, тұтыну тауарларын өндіру мен өткізу бойынша әлемдік нарық көшбасшыларының бірі американдық компанияның, кондитер өнімдерін өндіретін халықаралық концерннің өкілдіктеріне лауазымдық нұсқаулықтар, еңбек тәртібі ережелерін әзірлеу

ҚОСЫМША АҚПАРАТ:

1. Практикалық дәрісші

Мына тақырыптар бойынша семинарлар өткізу:

ҚР-дағы еңбек қатынастары: теория және қолдану практикасы

Еңбек шартын тоқтату

Шетелдік жұмыс күшін тарту

Вахталық жұмыс әдісі

Ұжымдық шарт

Жеке еңбек даулары. Келісу комиссиясы

Ұжымдық еңбек даулары. Ереуілдер. Дағдарысқа қарсы коммуникациялар

Өндірістегі жазатайым оқиғалар

2. Кәсіби медиатор

3. Жарияланымдар

«Бизнес и власть», «Нерезиденты», «ФБ-Кадры», «Справочник кадровика» журналдарында еңбек шартын жасасу, бұзу, еңбек жағдайларын өзгерту, шетелдік жұмыс күшін тарту туралы мақалалар