Омарова Айман

Айман
Омарова

Кәсіби қызығушылық саласы

  • Азаматтық құқық теориясы
  • Кәсіпкерлік құқық
  • Келісімшарттық құқық
  • Корпоративтік құқық
  • Тұрғын үй құқықтық қатынастары
  • Зияткерлік меншік
  • Азаматтық құқықтарды қорғау

Кәсіби қызығушылық саласы

  • Азаматтық құқық теориясы
  • Кәсіпкерлік құқық
  • Келісімшарттық құқық
  • Корпоративтік құқық
  • Тұрғын үй құқықтық қатынастары
  • Зияткерлік меншік
  • Азаматтық құқықтарды қорғау

Практикалық қызмет

  • қазіргі уақытқа дейін — әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті заң факультетінің азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы профессорының міндетін атқарушы
  • 2015 жылғы шілде — қазіргі уақытқа дейін — «Договор24» ЖШС кеңесшісі
  • 2015 жылғы қазан — қазіргі уақытқа дейін — Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (ТААР) сарапшысы (қоса атқарушылық)
  • 2013 — 2015 — «Қазақстандық құқықтық талдау орталығы» ЖШС директоры (қоса атқарушылық)
  • 2012 — 2013 — Мемлекет және құқық институтының ғылыми сарапшысы (қоса атқарушылық)
  • 2001 жылғы қыркүйек — 2013 жылғы қыркүйек — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің азаматтық және кәсіпкерлік құқық кафедрасының доценті
  • 2010 жылғы қыркүйек — қазіргі уақытқа дейін — Қазақстандық Халықаралық Арбитраждың (ҚХА) — тұрақты жұмыс істейтін төрелік (аралық) соттың — төрешісі (қоса атқарушылық)
  • 2004 жылғы қыркүйек — 2006 жылғы тамыз — Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот академиясының азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының доценті (қоса атқарушылық)
  • 2005 жылғы шілде — 2006 жылғы тамыз — «КазИнЮрКоллегия» ЖШС ғылыми кеңесшісі (қоса атқарушылық)
  • 2003 жылғы қыркүйек — 2005 жылғы қыркүйек — «КазИнЮрКоллегия» ЖШС заңгері (қоса атқарушылық)
  • 1998 жылғы қыркүйек — 2001 жылғы қыркүйек — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің азаматтық және кәсіпкерлік құқық кафедрасының аға оқытушысы
  • 1996 жылғы қыркүйек — 2000 — Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академиясының оқытушысы (қоса атқарушылық)
  • 1997 жылғы қыркүйек — 1998 жылғы қыркүйек — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің азаматтық және кәсіпкерлік құқық кафедрасының оқытушысы
  • 1995 жылғы қыркүйек — 1997 жылғы қазан — Рысқұлов атындағы Нархоз университеті құқық кафедрасының ассистенті (қоса атқарушылық)
  • 1995 жылғы қыркүйек — 1997 жылғы қыркүйек — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің азаматтық және кәсіпкерлік құқық кафедрасының 12.00.03 мамандығы бойынша тағылымдамадан өтуші-зерттеуші

Білім

1990 — 1995 — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, («құқықтану» мамандандыруы, біліктілігі юрист (үздік дипломмен)

Біліктілігі

2002 жылғы 21 қазан — «Қазақстан Республикасындағы коммерциялық құпия институтының азаматтық-құқықтық мәселелері» тақырыбында 12.00.03 — азаматтық құқық; кәсіпкерлік құқық; отбасы құқығы; халықаралық жеке құқық; азаматтық іс жүргізу; төрелік іс жүргізу мамандығы бойынша заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғау. Ғылыми жетекшісі — ҚР ҰҒА академигі, профессор М. Қ. Сүлейменов

Ғылыми дәрежесі

Заң ғылымдарының кандидаты

Ғылыми атағы

  • Доцент
  • «Әлеуметтік-еңбек қатынастарындағы медиация» бағдарламасы бойынша кәсіби медиатор (бірінші деңгей) (Almaty Management University бағдарламасы бойынша оқудан өтті)
  • Жоғары оқу орындарын аккредиттеу және рейтингілеу жөніндегі сарапшы
  • ҚХА (тұрақты жұмыс істейтін аралық сот) төрешісі

Семинарлар мен тренингтер өткізу тәжірибесі

Тәжірибесі бар нотариустарға арналған «Нотариаттық практикада азаматтық заңнаманы қолдану практикасы», «Нотариаттық практикадағы мәмілелер: ресімдеу және мәмілелерді жарамсыз деп тану мәселелері», «Шарттық құқық. Қолдану практикасы» және басқа да тақырыптарда, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мен Алматы облыстық Нотариаттық палатасы бірлесіп ұйымдастырған семинарлар мен тренингтерді тұрақты өткіземін

Судьяларға, сот мамандарына, прокуратура қызметкерлеріне арналған «ҚР азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамасын қолданудың өзекті мәселелері», «Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу заңнамасы нормаларының реформалары», «Зияткерлік меншік туралы заңнама: сот практикасы және өзекті құқықтық мәселелер» тақырыптарындағы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Алматы қаласының соттары мен прокуратурасымен бірлесіп ұйымдастырған семинарлар

«Алматы тұрғын үй» ЖШС қызметкерлеріне арналған, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Қазақстанның инновациялық дамуын құқықтық қолдау» ҒЗО біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша тұрғын үй заңнамасын қолданудың өзекті мәселелеріне арналған семинарлар

Жоғары оқу орындарының азаматтық-құқықтық пәндер оқытушыларына арналған, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Біліктілікті арттыру институтының «Азаматтық құқық» «Зияткерлік меншік құқығы» бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыруға арналған онлайн семинарлар

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ЖДМ ұйымдастырған «Медициналық қызмет көрсету саласындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау» тақырыбындағы семинарлар мен тренингтер

Компания басшыларына, кәсіпорындардың заң бөлімдерінің (қызметтерінің, департаменттерінің) басшылары мен мамандарына, азаматтық практика заңгерлеріне арналған «Шарттарды жасасу, өзгерту, бұзу: заңнама және практика», «Ұйымдардағы шарттық жұмыстың ерекшеліктері», «Корпоративтік құқық», «Талап-арыз және кінәрат жұмысы» тақырыптарындағы семинар-тренингтер

«Тауар белгісі мен фирмалық атауға құқықты ресімдеу және қорғау ерекшеліктері», «Зияткерлік меншік объектілерін пайдалану саласындағы шарттық қатынастар», «Авторлық шартты заңнамалық реттеу», «Лицензиялық шарттарды жасасу ерекшеліктері», «Коммерциялық құпияны қорғаудың құқықтық мәселелері», «Авторлық шарттарды жасау, жасасу және бұзу» тақырыптарындағы семинарлар

Кәсіби бухгалтерлер ЖШС үшін азаматтық құқық бойынша семинар-тренингтер

Гранттар мен жобаларға қатысу

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бағдарламасы бойынша «Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және компьютерлік қылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы қылмыстық саясаты», «Заңсыз көші-қонның қылмыстық салдарын болдырмаудың қылмыстық-құқықтық және криминологиялық шаралары» жобаларының ғылыми қызметкері — 2014-2017 жж.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының сарапшысы, 2013 ж.

ҚР БҒМ гранттық ғылыми жобалары бойынша ғылыми сарапшы, 2011 ж.

ҚР ҰҚК тергеу қызметінің қылмыстық іс аясындағы азаматтық-құқықтық мәселелер бойынша ғылыми сарапшысы, 2010 ж.

Алматыдағы ЕҚЫҰ орталығының, Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюроның (ДИАҚБ) қолдауымен Еуропалық Одақтың «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот академиясының институционалдық дамуы» Bistro бағдарламасы бойынша «Оқытушыларды оқыту: интерактивті әдістер» сертификатының иегері

USAID/IRIS жобасы бойынша «Орталық Азиядағы сот жүйелерінің дамуына жәрдемдесу» бағдарламасының сертификатының иегері. Мэриленд штаты Университетінің IRIS орталығы (АҚШ)

Дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері (2004-2006 жж.)

Жарияланымдар

  • Құқықтану саласында 60-тан астам ғылыми және практикалық жарияланым, оның ішінде монографиялар, оқу құралдары, оқу-әдістемелік құралдар
  • «Договор24» ЖШС dogovor24.kz/ веб-сайтында шарт жасасу, орындау, бұзу, қарыз шарты, борышты өндіріп алу мәселелері бойынша бірқатар мақалалардың авторы