КӘСІБИ ПРОФИЛЬ
- Заң ғылымдарының кандидаты (ҚР)
- PhD (Чехия)
English and European Law дипломы, The British Law Centre
- Азаматтық құқық, міндеттемелік құқық, шарттық құқық (қазақстандық, еуропалық, ағылшындық) саласында көпжылдық құқықтық консалтинг тәжірибесі бар заңгер-кеңесші, жасанды интеллектіні құқықтық реттеу және АСФО заңнамасы жөніндегі сарапшы
НЕГІЗГІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР
- Қазақстан Республикасының шарттық құқығы
- Шарттарға құқықтық сараптама жүргізу
- Қазақстан құқығындағы талап ету құқығын басқаға беру (цессия)
- Ағылшын шарттық құқығы (English Contract Law): тараптардың міндеттемелері, structure of contracts, remedies, damages, force majeure және т.б.
- Факторинг: құқықтық саралау, шарттық модельдер, тәуекелдер
- Қаржылық және қамтамасыз ету құралдары (кепіл, кепілдік, кепілдемелер, тәуелсіз кепілдемелер, қамтамасыз ету цессиясы және т.б.)
- Коммерциялық жобаларды консалтингтік сүйемелдеу
- Азаматтық құқық, шарттық құқық, міндеттемелік құқық, рим құқығы, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету, ағылшын шарттық құқығы, Legal Design бойынша курстар өткізу.
КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ КОНСАЛТИНГТІК ПРАКТИКА
Коммерциялық және қаржылық жобалар үшін заң консалтингі
- Заң консалтингі (азаматтық және коммерциялық құқық, халықаралық жеке құқық)
- Азаматтық-құқықтық және коммерциялық шарттарды дайындау, талдау және құқықтық сараптау
- Ағылшын шарттық құқығын ескере отырып шарттық модельдерді талдау
- Шарттардың даулы редакцияларын келіссөздер барысында реттеу, оның ішінде шетелдік контрагенттермен
- Қазақстан заңнамасы мен шетел заңнамасы аясында талап ету құқығын басқаға беру (цессия) және факторинг мәселелері бойынша кеңес беру
- Аудиторлық компания үшін шарттық және қаржылық құрылымдарды сараптау (құқықтық тәуекелдерді бағалау, заңнамаға сәйкестік)
- Коммерциялық және қаржылық мәмілелерде қамтамасыз ету құралдарын қолдану мәселелері бойынша кеңес беру
- Қазақстан және еуропа заңнамасындағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді талдау
ЖИ-ді құқықтық реттеу саласындағы сарапшы
- Каспий университеті үшін жасанды интеллектіні пайдаланудың этикалық кодексі жобасын әзірлеу
- ЖИ көмегімен жасалған туындыларға авторлық құқық мәселелері бойынша талдамалық материалдар дайындау
- Адами шығармашылық пен контентті автоматтандырылған генерациялаудың арақатынасын сараптамалық бағалау
- Корпорацияларда ЖИ-ді пайдаланудың этикалық ережелерін әзірлеу
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБАЛАР
World Justice Project. Құқық үстемдігі, құқықтық реттеу және әділ сотқа қолжетімділік мәселелеріне арналған халықаралық зерттеу жобасына сарапшы ретінде қатысу (Қазақстаннан сарапшы, 2023 ж. бастан қазіргі уақытқа дейін).
ЮСАИД қоры, «Прагма» корпорациясы және «Бусар» ЖШС қолдауымен бухгалтерлерді халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына көшіру жөніндегі халықаралық жоба (2003-2005).
ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ
2004 — 2008 — Қазақ гуманитарлық-заң университеті | Қазақстан, Алматы
Лауазымы: азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасының оқытушысы
2008 —2016 — «ӘДІЛЕТ» жоғары құқық мектебі, КОУ, Қазақстан, Алматы
Лауазымы: аға оқытушы ⎪ 2010 жылдан бастап қауымдастырылған профессор
2010 — 2016 — «Бусар» ЖШС аудиторлық компаниясы
Лауазымы: құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесші
Міндеттері: аудитке жататын объектілерге заң сараптамасын жүргізу
2010 — 2015 — ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы
Лауазымы: ҚР СӨП жанындағы Халықаралық төрелік және Төрелік соттың төрешісі
2019 жылдың ақпаны — 2022 Serkos s.r.o., Чехия
Лауазымы: әкімшілік қызметкер, заңгер
2020 жылдан бастап «ӘДІЛЕТ» жоғары құқық мектебі, КОУ, Алматы
Білім
- Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университеті (үздік дипломмен). Біліктілігі: заңгер (2000)
- Қазақ гуманитарлық-заң университеті
- Алматы заң академиясы:кандидаттық диссертация тақырыбы: «Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша цессия институтының теориялық және практикалық аспектілері». Заң ғылымдарының кандидаты дәрежесі берілді (2010)
- Карлов университеті, Заң факультеті (Прага , Чехия). Докторантура. Диссертация тақырыбы: «Чехия Республикасының азаматтық құқығындағы қарызды қамтамасыз ету», 13.12.2022 қорғалды. Философия докторы (Ph.D.) академиялық атағы берілді
- The British Law Centrum, Diploma (Pass) in English and European Law // Прагадағы British Law Centers-тің Карлов университетімен ынтымақтастықта өткізетін екі жылдық кембридждік дипломдық курсы (2017 — 2019)
- ČVUT чех тілі курсы (B2) (2016)
- Цессия, факторинг, рим құқығының жекелеген мәселелері, алыс және жақын шетелдегі әртүрлі елдердегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету проблемалары бойынша журналдар мен монографияларда көптеген жарияланымдардың авторы (оның ішінде ағылшын және чех тілдерінде). Заң ғылыми-практикалық конференциялары мен коллоквиумдарының қатысушысы