Шыңғысбаева Анар Елемесқызы

Анар
Елемесқызы
Шыңғысбаева

Еңбек, отбасы және нотариаттық құқық пәндерінің орыс және қазақ тілдеріндегі оқытушысы. Құқықтану саласындағы маман

Еңбек, отбасы және нотариаттық құқық пәндерінің орыс және қазақ тілдеріндегі оқытушысы. Құқықтану саласындағы маман

Практикалық қызмет

  • 1995 – 1998 — Әділет министрлігінің Заңнама институты. Ғылыми қызметкер. Сыныптық шені: 2 сынып заңгері
  • 1996 – 1997 — Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-де оқытушылық қызмет
  • 1998 – 1999 — МГСУ филиалында оқытушылық қызмет
  • 1999 – 2004 — Алматы қаласындағы Ресей-Қазақстан заманауи мемлекеттік университетінің филиалында оқытушылық қызмет
  • 2008 – 2009 — Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде азаматтық және кәсіпкерлік құқық кафедрасының оқытушысы
  • 2009 – 2010 — ҰҚК Академиясының азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы, қоса атқарушылық негізде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің еңбек құқығы және азаматтық процесс кафедрасының оқытушысы
  • 2010 – 2013 — Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің заң пәндерінің оқытушысы
  • 2013 – 2015 — Экономика және құқық академиясының еңбек құқығы оқытушысы
  • 2014 – Екінші біліктілік санаты берілді
  • 2015 – қазіргі уақытқа дейін — Каспий Қоғамдық Университетінің «құқықтану» кафедрасының сеньор-лекторы

Білімі

  • 1988 – 1990 — Талдықорған заң техникумы. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі құқықтану
  • 1990 – 1995 — Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университеті. Заң факультеті
  • 1996 – 2000 — Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің еңбек құқығы және азаматтық процесс кафедрасының ізденушісі
  • 2015 – қазіргі уақытқа дейін — Мәскеу «Синергия» Университетінің магистранты

Ғылыми еңбектері

  • «Предприниматель и право», «Фемида», «Юридическая газета» журналдарында жарияланымдар
  • «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік құқық: жалпы бөлім» оқулығындағы «Мәдениет саласындағы басқару» тарауы. Алматы, Жеті Жарғы, 1996 ж.
  • Шаруа қожалықтарының құқықтық жағдайы, «Предприниматель и право» журналы, № 3, наурыз, 1998 ж
  • Шаруа (фермер) қожалықтарын салық салудағы өзгерістер туралы. «Предприниматель и право» журналы, № 20, қазан, 1999 ж; 12-13 б.
  • «Сұрақ пен жауап» айдарындағы түсініктемелер, «Предприниматель и право» журналы, 2000, Кітапша, «Бико» БО, 2001, Алматы
  • СМУ студенттеріне арналған еңбек құқығы бойынша оқу құралы, 1-юнита, 2-юнита, Мәскеу, 2002 ж.
  • «Шаруа (фермер) қожалықтарын салық салу туралы Салық кодексі» кітапшасы, Алматы, 2001 ж.
  • «Шаруа (фермер) қожалықтарын салық салудағы өзгерістер» ҚазҰУ Хабаршысы, 2009 ж.
  • «Мораль мәні, құрылымы және функциялары» мақаласы. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің оқытушылар құрамының ғылыми-әдістемелік еңбектер жинағы «Ғылым мен білім сапасы — ХХІ ғасыр өркениетінің факторы». Алматы, «Қазақ университеті», 2011 ж.
  • «Қазақстан Республикасындағы нотариаттық заңнаманың эволюциясы» мақаласы. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің (колледж) оқытушылар құрамының ғылыми-әдістемелік еңбектер жинағы. Алматы, «Қазақ университеті», 2012 ж.
  • «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіндегі соңғы жаңашылдықтар». Ғылыми-теориялық конференция материалдары; 2-том. Алматы 2013 ж.
  • «Кәмелетке толмағандар еңбегін құқықтық реттеудің ерекшеліктері». Ғылыми-теориялық конференция материалдары; Алматы 2014 ж.
  • Жаңа Еңбек кодексін қабылдау аясындағы еңбек заңнамасының жаңалықтары. Ғылыми-практикалық конференция, ҚОУ, 2016 ж.
  • 2015-2016 жж. біліктілікті арттыру туралы сертификат.
  • «Білім беру процесінде коучинг технологиясын қолдану ерекшеліктері» бағдарламасы бойынша, 25.10.2015 ж.
  • «Психологиялық-педагогикалық қызметтегі кәсіби этика» бағдарламасы бойынша, 20.11.2015 ж.
  • «Инвестициялық жобаны басқару» курсы бойынша, 13.03.2016 ж.
  • «Тұтынушылар құқығын қорғаудың құқықтық негіздері» бағдарламасы бойынша, 26.02.2016 ж.